"ҚАЗАВТОЖОЛ" Ұлттық Компаниясы" АҚ

Қазақстан Ұлы Жібек жолы кезеңінен бастап Еуропа мен Азия елдерін өзара байланыстырады. Сауданы және халықаралық дәліздерді дамыту автомобиль жолдары желісін және ынғайлы инфрақұрылымды дамытуды талап етеді. Бүгінде Қазақстан арқылы 5 халықаралық транзиттік автомобиль бағыты өтеді.


Біздің тарихымыз
Ұйымдық құрылым

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жалпы ұзақтығы 24,4 мың шақырым республикалық және халықаралық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы (барлық автомобиль жолдарының шамамен 20%) болып табылады. Ұлттық операторға ҚР «Автомобиль жолдары туралы» Заңына сәйкес ақылы қозғалысты ұйымдастыру және жол бойындағы сервисті дамыту бойынша өкілеттіктер берілген.

Республикалық және халықаралық маңызы бар жолдар бойынша ыңғайлы қозғалысты қамтамасыз ету.

Біз зияткерлік көлік жүйелері саласындағы заманауи шешімдерді ұсынамыз. Оның ішінде: жабық, гибридті және ашық төлем алу жүйелері. Ашық код пен микро сервистік сәулетке негізделген жеке бағдарламалық жасақтама. Біздің жүйелер Қазақстанның 4 ақылы учаскелерінде қолданылады. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендері, сауда орталықтары, ақылы автотұрақтар және ақылы автомобиль жолдарына автомобиль көлігінің кіруін/шығуын бақылауды ұйымдастыру үшін шешімдерді ұсынамыз.

6 жыл ішінде шамамен 4 мың шақырым автомобиль жолдары салынды, Нұр-Сұлтан - Щучинск, Нұр-сұлтан - Теміртау, Алматы - Қапшағай және Алматы - Қорғас учаскелерінде ақылы қозғалыс ұйымдастырылды. ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 жүйелері енгізілді 2018 жылы компания корпоративтік басқару рейтингі бойынша 3-ші орынға және Қазақстан компаниялары арасында ақпаратты ашу индексі бойынша 42-ші орынға ие болды. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде жолдарға қолжетімділік индексі бойынша 59-орынға дейін көтерілді.


Есептер

Ұлттық оператор мен консультанттардың есептері

СТРАТЕГИЯ

Даму жөніндегі ұлттық оператордың құжаттары


"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасы


"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ директорлар кеңесі